ЗИЯН СУЛЫ ПРОЦЕДУРАЛАР. КӨКТЕМДЕ КӨЛІКТІ НЕГЕ ЖУУҒА БОЛМАЙДЫ?
Көлікті маусым арасында жуу аяздардан да қатты әсер ететіні анық. Температураның жиі ауытқуы материалдарда ұсақ жарықтардың пайда болуына әкеп соғады. Мұндайда тазалау дұрыс па?
Қазір күн сәулесі шақырайған сайын мұндай көлік жуғыштардың қатары көбейіп кетеді. Адамдар сәнделгенді ұнатады. Көлік шанағында кішкене ғана кірді көрді ме, жууға жүгіреді. Көктемге қарай көліктің жан-жағын жумаса ұят деп есептейді.
Кір қорғаныс сипатта
Көктемде көлік жуу орталықтарына баратындардың қатары көбейеді. Түнделетіп күн суытады, сондықтан қорқуға да болмас, өйткені күні бойы жуылған дүние кебеді. Алайда көліктің ішкі жағын не істеу керек? Бұлар дөңгелектің маңайы, көліктің асты, басқа да бөлшектері. Оларды да жуған дұрыс па? Көлік жуғыштар мұны жуған дұрыс, жол реагенттерін жоюға көмектеседі деп міндеттейтіні белгілі. Шанақтың таза болғанына қарай тот басу да аз болады. Бір жағынан орынды, екінші жағынан дұрыс та емес.
«Елестетіңіз, сіз киіміңізді шешіп, көшеге шығып кеттіңіз. Тұзды суға салынған көліктің жағдайы дәл осындай екенін білген дұрыс» — дейді Чирков. Жақсы жуылған көліктің бұрыштары ауаны қабылдап, ылғалмен және тұзбен байланысқа түсіп, химиялық реакциялар жеделдей түседі. Бұған дейін жиналған кір ештеңе өткізбей тұрған болса, таза көлік тұзды мақта тәрізді сорып алады. Көктемде көлік жуу неғұрлым жиі болса, тот басу процесі соғұрлым тездетіп жүреді.
Балауызды мүсін
Көктемде сонымен қатар нөлдік температура көп болады. Ал шанақ үшін бұл қырық градусты аяздан да күштірек. Ылғал булануға үлгермей, ұсақ жарықтарда қатып, металды, пластмассаны да жара бастайды. Нәтижесінде тот басу ойықтары пайда болады.
Көлік жуушыларда тұздан кем емес резиналы қалыңдатқыштарға әсер ететін химиялық реагенттер жиынтығы болады. Ең қиын жері тежеуіш жүйесінің қалыңдатқыштары. Дөңгелектерді жуған кезде тазалаушы химиялық заттардың нағыз соққысына тіреледі. Күнделікті жуу салдарынан бір жылдан соң тежеуішті суппортты ауыстыруға тура келеді.
Көбінесе көлік жуушылар тоттан сақтау үшін балауызбен өңдеуді де жиі ұсынып жатады. Бұл құрал тексеруден өткен және нәтижелі келеді. Кузовтың жоғарғы жағы балауызсыз да тотпен күресе алатыны белгілі. Ал терезе айналасы, бампер, аркадағы резиналарды балауызбен өңдеуге мүлде келмейтіні және бар. Міне, дәл сол жерлерде тот ошағы пайда болады.
Ендеше, кір күйінде жүре беру қажет пе? Мүлде олай емес. Тек қана су процедураларын көп пайдаланбаған жөн.