Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАНДАЙ МУЗЫКАНЫ СҮЙЕСІЗ? ҒАЛЫМДАР МУЗЫКАНЫҢ МІНЕЗГЕ ӘСЕРІ ТУРАЛЫ АЙТАДЫ...

ҚАНДАЙ МУЗЫКАНЫ СҮЙЕСІЗ? ҒАЛЫМДАР МУЗЫКАНЫҢ МІНЕЗГЕ ӘСЕРІ ТУРАЛЫ АЙТАДЫ...

   Ғалымдар бізді таң қалдырудан шаршамайды. Ендігі жаңалықтары: сүйіп тыңдайтын музыка түрі интеллектің дәрежесі мен адам мінезіне тікелей әсер етеді екен. 

Нәтижелер бойынша хип-хоп пен r’n’b стилін сүйіп тыңдайтын адамдардың ой-өріс дәрежесі ең төмен болып шықты. Тест ретінде дәстүрлі IQ-мен қатар, мектептік бағдарлама бойынша сұрақтар болды. Жоғары көрсеткішке классикалық музыкаға құмар жандар ие болды. Көпшілік ата-аналардың өкінішіне орай, ауыр рок тыңдайтындар да алдыңғы қатарда. 

36 мың адаммен болған сұхбат нәтижесінде алынған көрсеткіштер мынадай жаңалықтарды көрсетті. Классикалық музыкаға құмар жандар ұялшақ, ал ауыр рок ұнататындар мейірімді болады екен. Бір қарағанда ылғи мұңайып жүретін рок сүйгіш жандар зерттеу нәтижесінде ең мейірімді мен ақылды адамдар қатарында болды. 

Блюзді өзіне сенімді, өнер сүйгіш, жұмсақ, сабырлы, көңілді адамдар тыңдайды. 
Джаз музыкасын сенімді, шығармашылыққа құмар, батыл, достары көп, байсалды адамдар, интровертер тыңдайды. 
Классикалық музыканы жоғары талғамды, өзіне сенімді, өнер сүйгіш, тыныш, кейде тұйық адамдар, интровертер тыңдайды. 
Рэп - қарым-қатынасқа оңай түсе алатын, көңілді адамның сүйікті музыка түрі. 
Опера жоғары талғамды, жұмсақ, шығармашыл адамдардың көңілінен шығады. 
Кантри және вестерн музыка түрін еңбексүйгіш, көңілді жандар ұнатады. 
Би музыкасын сүйіп тыңдап, арасында билеп те кететін жандар шығармашыл, басқалармен тез тіл табысады. 
Рок музыкасын өзіне онша сенімді емес, шығармашыл, көпшіліктен гөрі жалғыздықты таңдайтын, жұмсақ, сабырлы адамдар тыңдайды. 
Поп музыкасын еңбекқор, көңілді, жұмсақ, сенімді адам таңдайды. 

Ал сіз қандай музыка түрін ұнатасыз?
17 тамыз 2018 ж. 1 860 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам