Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘШЕКЕЙ ӘЙЕЛ МІНЕЗІ ТУРАЛЫ НЕ АЙТАДЫ?

ӘШЕКЕЙ ӘЙЕЛ МІНЕЗІ ТУРАЛЫ НЕ АЙТАДЫ?

Далап пен шалбарлар сияқты әшекей де иесі жайлы көп нәрсе айта алады. Талғаммен таңдалған әшекей әйел адамның өзін-өзі бағалауда ешқандай мәселе жоқтығын білдіреді.

Ағаштан жасалған әшекейлерді көбіне білімге құмар, өнерлі, қызығушылығы мол қыздар таңдайды. Мұндай аруды бағындырғысы келетін жігіт өтірік алдағысы келсе, өте абай болғаны жөн. Бар құпия ашылған кезде мұндай қыздар ештеңеге қарамай кетіп қалады. Көп жағдайда тылсым күштердің көмегіне мұқтаж болып жүреді. 
Әдетте олар барлық достары мен таныстарының қиыншылықтарынан хабардар, өйткені бастарына іс түскенде олар сондай арудың иығына басын қойып, жылағанды ұнатады. Олар тыңдап, біреудің қайғыларына ортақтаса алады.

Киізден жасалған сырға, моншақ пен білезіктерді жайлылық пен ыңғайлылықты жақсы көретін арулар тағады. Мұндай әшекей иелері өте эмоционалды болып келеді және сезім мен ішкі түйсігіне бағынып шешім қабылдауға құмар. Жандары нәзік, сезімтал, олар құшақтап, ұстағанды жақсы көреді.

Пластмассалық әшекейлерді өте епті, ұқыпты, үнемшіл және өмірге шынайы көзқараспен қарайтын қыздар жақсы көреді. Олардың өз пікірі бар және керек кезде өз дегенінде тұра алады. Біреудің қысым жасағанын ұнатпайды. Жаңа танысуларға әрдайым ашық және ғашықтық пен махаббатты жиі шатастырады.

Металдан жасалған әшекейлерді (өте үлкен емес) өзін қорғансыз сезінетін қыздар таңдайды. Олар сыртқы әдемілігі үшін емес, жан сұлулығын бағалап сүю керек деген ойда. Оларды жаулап алу үшін әдемі бұйымдар емес (гүл, конфет, қымбат сыйлықтар), нағыз шынайы сезім керек.

Болаттай берік әшекейлерді алдына мақсат қойып, қалай да жетуді ғана ойлайтын қыздар таңдайды. Оларға біреудің пікірі жүрмейді. 

Бисерден жасалған әшекейлерді жайнақы мінезді, әсершіл, басқа біреудің ықпалына оңай бағына кететін қыздар тағады.

Қолөнер әшекейлерін (авторлық жұмыстар) өзін ерекше санайтын, тәуелсіздігін көрсеткісі келетін арулар тағады. Мұндай әйелдер әдетте стереотиптерден аулақ, көп адам жиналатын қоғамдық жиындардан қашқақтайды. Мінездерінде эгоистік басым және өзгелерге жоғарыдан қарауы да мүмкін. Өзгелерден ерекше, бірақ сәнді киінуге құмар және екінші жартысын таңдағанда да талғампаз келеді.

Винтажды әшекейлерге («тарихи» бұйымдар) балалық шағын қатты сағынатын қыздар құмартады. Олардан ардақты ана және адал жар шығады. Романтикалық жандар, кейде сентименталды. Салт-дәстүрлерді жете ұстанады, отбасының берекесіне көп мән береді – демалыста апасы сияқты бауырсақ пісіргенді, жиындарда отбасылық салт бойынша тағамдар әзірлеп, дастархан жасағанды жақсы көреді.

Классикалық әшекейлерді жұмысбасты, өзіне қарауға шамасы жоқ қарапайым қыздар таңдайды. Сол себепті кез келген киіммен жарасып кететін бір әшекейді тағып жүре бергенді қалайды. Немесе қатып қалған ереже мен жағдайға байланысты әрекет ететін арулар. Кейде бір қарағанда қарапайым әшекей сияқты көрінетін қымбат әшекейді өзінің әлеуметтік статусын көрсету үшін тағуы мүмкін. Мұндай арулар өзінің бағасын біледі және сол бағасы жайлы жар салуды құп көрмейді.

Әшекей жоқ болса...
Әшекей әйел адамның өзіне деген назары мен өзін-өзі бағалауының айғағы: өзін жақсы көретін әйел өмірді де, басқаны да жақсы көре алады. Әшекейсіз жүру – бірдеңесі «дұрыс емес» деген сигнал. Ол өмірінде бір дағдарыс сәтін бастан кешіп жүр немесе еркектерден көңілі қалған.


Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан 
29 тамыз 2018 ж. 1 596 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам