Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘР ТҮРЛІ ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІНЕН КЕШІРІМДІ ҚАЛАЙ СҰРАУ ҚАЖЕТ

ӘР ТҮРЛІ ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІНЕН КЕШІРІМДІ ҚАЛАЙ СҰРАУ ҚАЖЕТ

Адамдар ауыр сөзді әр түрлі қабылдайды. Біреу тез суыйды, ал енді біреу өкпені біразға дейін ұмыта алмайды. Сарапшылар жұлдызнама белгілерінің өкпе-ренішке қалай қарайтынын зерттеп көрді және олардан қалай кешірім сұрау керектігін де анықтай алды. Достасу кез келген адаммен мүмкін болар, сондықтан уайымдамай, реніштен шешім тауып шығу жолын үйреніңіз.

Тоқты

Тоқтыны ренжіту өте қиын, өйткені оған шындық пен тік мінез тән. Алайда сіз өрескел қылығыңызбен бұл жұлдызнама белгісінің ашуына тисеңіз, жай «кешір» деумен құтыла қоймассыз. Тоқтыға өзінің жақсы пейілін қымбат сыйлық не белгімен емес, іс-әрекетімен дәлелдегені орынды. Егер ренжіскен туысыңыз тоқты болса, үй шаруасының біразын өз мойныңызға алып, оның бір пайдасына жараңыз. Әріптес не жұмыстастарыңызға да дәл осындай пайдалы іс жарайтыны анық.

Торпақ

Торпақтар табиғатынан өте сезімтал, өкпелегіш, бұл қасиеттерін қанша жасырғысы келсе де көрініп тұрады. Оларды ренжіту түк емес, ал түсіну тіптен қиын. Достасу үшін мысыққа да жайлы көрінетін жылы сөздер  мен аймалаудың еш қажеті жоқ. Сіздің кешірім сұрауыңыз неғұрлым шынайы болса, соғұрлым торпақ кешіреді. Және де мұндай қылықтың бір күнге созылуын да болжау қиын. Кешірім қамалына ену үшін сізге ұзақ уақыт бойы шыдамдылық керек. Ал ренжіген өз жартыңызға романтикалық кездесу жасап, кешірімін ала аласыз.

Егіздер

Егіздермен болмашы жерден ұрыс-керіс тууы мүмкін және де бұл жұлдызнама өкілдері ренішті біраз уақытқа дейін ұмытпайды. Олардан кешірім сұраудың өзі де қиын. Кейде олардың өздері нені қалайтынын білмейді, сондықтан орнына моральды шығынды өтеуді қалайды. Астролог мамандардың айтуынша, егіздерге мейірім мен жақсы көзқарас жағдайды барынша жұмсарта түседі. Егіздер жағымды пікірлерді құлағы сүйеді, тіпті оларды жанға жайлы тәтті сөздермен рахаттандыруға болады. Сондай-ақ басты назарды егіздерге қандай да бір сыйлықты тарту етумен де аударған абзал.

Шаян

Шаяндар өте ренжігіш келеді, сондықтан олардан кешірім сұрауды үйренсеңіз, сіз бұл істе майталман боларыңыз анық. Бұл жұлдызнама өкілдері сізді кешіріп, уақыт өте келе қайтадан реніші есіне түсуі мүмкін. Бұл жерде ең маңыздысы шыдам мен төзімділік, өйткені шаяндар өздеріне құрметпен қарап, ойын елегенді ұнатады. Бұл жұлдызнама өкілімен достық қарым-қатынасыңызды сақтап қалғыңыз келсе, жаман әдетіңізге шын өкінетіндігіңізді шынайы түрде жеткізгеніңіз дұрыс. Сондай-ақ шаяндардың көңілін аулау үшін тасы бар әшекей бұйым сыйға тартсаңыз тіптен тамаша болады.

Арыстан

Арыстандар табиғатынан кек алғыш адамдар санатынан, сондықтан олармен байланыспаған дұрыс. Бұл жұлдызнама өкіліне жамандық жасай отырып, оқиға қалай өрбісе де, дайын болыңыз. Арыстан әрине, өкпесін айтып, мұңын шақпас, алайда оның салқын қарым-қатынасынан ақ жағдайдың дұрыс еместігін байқауға болады. Оған ең ұнайтыны өз-өзіңізді құрбан ету, сондықтан құрбандықтың кез келгеніне дайын болыңыз. Әйтпесе жылы қарым-қатынасты тек қана армандайтын боласыз. Егер арыстанның көңілін қалдырсаңыз, ол ойланбастан жақсы қарым-қатынасты үзе салуы ықтимал. Ондай кездері қымбат сыйлықтар көмектесе алуы мүмкін: бұлар әрине арыстанның ең жақсы көретін:  алтын әшекейлер.

Бикеш

Бикештер үнемі бәрін қадағалап отырғанды ұнатады, сондықтан мұндай жұлдызнама өкілін ренжіту арқылы ұзақ әңгімеге дайын болыңыз. Жағдайды түсіндірмей бикештің кешіруі мүмкін емес. Сіз жай ғана әрекетіңіздің қалай өрбігенін түсіндірумен қатар, қалай өкінетіндігіңіз, бұл жағдай сізге қалай әсер етуде, осының бәрін баяндағаныңыз жөн. Әсерлі сөздеріңізді сый-сыяпатпен бекіткеніңіз де жақсы. Бұл - кешірім алудың тиімді жолы.

Таразы

Таразыларға сіздің шын өкінішіңізді көру маңызды, алайда сіздердің достық қарым-қатынастарыңызды осы ғана сақтап қалуы екіталай. Сіз өз қадамыңызды логикаға сүйеніп түсіндіріп, таразыда күмән тумайтындай етіп айтқаныңыз дұрыс. Егер сіздің басқа амалыңыз болмаған соң осындай қадамға барғаныңызды түсінсе, бұл жұлдызнама өкілі өзін жақсы ұстап, өзара түсіністік негізінде шешуге тырысады. Олай болмаған жағдайда таразы барлық қарым-қатынасты үзіп, бұрылып кетіп қалуы да мүмкін. Таразы бәрін де кешіруге бар, тек қана сатқындық пен әдейі істеген жамандықты кешірмейді, сақ болыңыз! Бонус ретінде бұл жұлдызнаманың мықты жағы мен талантын айтып, мақтасаңыз да болады.
Сарышаян

Сарышаяндар кекшіл, өйткені, олар ренішті жеке қорлау деп біледі. Олар тіпті татуласу процесінің өзінде де келемеждеп, жазғыруға дайын. Сондықтан да тістеніп тұрып, істеген ісіңіз үқшін кешірім сұрауыңызды жалғастыруға дайын болғаныңыз жөн. Сарышаянның жазғыру әрі келемеж жауабының ренішке қарымта қорғаныс реакциясы екендігін есте сақтасаңыз дұрыс болады. Астрологтар аталған белгі өкілдерінің жүріс-тұрысына назар аудармауға және үлесімділік пен теңдіктің бей-жай кейпіне еніп, ойша медиация жасауға кеңес береді.

Мерген

Мергендерден кешірімді сіз шынайы  өкінетіндігіңізді білдіргенде ғана ала аласыз. Жұлдызнаманың бұл өкілдері өтіріктің кез келген көрінісіне өте сезімтал болып келеді. Сондықтан алдымен ымыраға келу  үшін өзіңізді бейімдеп алыңыз да, содан кейін ғана белсенді іс-қимыл бастаңыз. Мергендерге қатысты көпірме сөз немесе асыра мақтау сәтті әдіс болмақ емес. Керісінше, өзіңіздің тысқары әрекетіңізді үнсіз мойындап, кінәлі түр көрсеткеніңіз жөн. Сіздің тарапыңыздан қарапайым құшақтаудың өзі тамаша қадам болмақ. Дене түйсігі арқылы сезіну сізге ортақ тіл табысуға және ұрыс-керісті ұмытуға мүмкіндік береді.

Тауешкі

Тауешкілер өзіне айтылған сынды көтере алмайды, сол себепті сіздің тарапыңыздан қандай да бір жұмысқа сын айтылса, ренжуі ықтимал. Мұндай кездері жай ғана кешірім сұраумен құтылам деп мүлде ойламаңыз. Сізге тауешкіге болған мәселені түсіндіріп, негіздеп, сіз тұлғаны емес, іс-әрекетті сынға алғаныңызды айтуыңыз керек. Сіздің арам ойыңыз болмағанына көзін жеткізген соң тауешкі бірден кешіріммен қарайтыны белгілі. Алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктер орын алмас үшін тауешкіге үнемі жасырын ойдың жоғын айтып, түсіндіріп жүріңіз.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар әлемдік нәрсеге бірінші болып бармасы анық. Олар күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, ұрыс-керістің болғанын да ұмытып кетуі мүмкін. Бұл жұлдызнама өкілдері ұрсыса да алмайды. Егер сіздің әрекетіңіз қарым-қатынасқа ешқандай әсер етпесе, оны ұмыт қалдырыңыз. Егер шынымен жүрегін жаралайтындай әдетке барған болсаңыз, біраз уақыт күтіп, артынан жағдайды баяндап, кешірім сұрасаңыз болады. Суқұйғыштар ешқашан өкпе-назды сақтамайды, сондықтан да сіздің қателігіңізді кешіре салуы әбден мүмкін.

Балықтар

Балықтар барынша эмоционалды, сондықтан ренішті көпке дейін ұмыта қоймас. Оларға өз сезімдерін біреумен бөліскен маңызды, сондықтан да ұрыс-керістен кейін бірден өз кешіріміңізді білдіргеніңіз абзал. Әйтпесе бұл жұлдызнама өкілдері ренжіп, ашуланып, табысу сізге арман болып қалуы ықтимал. Сізге бар болғаны қамқорлық танытып, жақсы іспен артыңызды жуып-шаюыңыз керек. Бұл қадам істі реттеп, достық пейілді бәз баяғы қалпына түсіреді.

Дереккөз: Клубер
05 қыркүйек 2018 ж. 2 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 428 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам