Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕТПЕТІНЕН ЖАТЫП ҰЙЫҚТАУ ҚАУІПТІ БОЛЫП ШЫҚТЫ

ЕТПЕТІНЕН ЖАТЫП ҰЙЫҚТАУ ҚАУІПТІ БОЛЫП ШЫҚТЫ

  Американың Майо клиникасының сомнолог сарапшылары етпетінен жатып ұйықтау денсаулыққа зиянын тигізетінін анықтады, - деп хабарлайды Bustle.
Ғалымдардың айтуынша, бұлай жататын болсаңыз арқаңыз ауырып, мойныңызға қысым түсіп, аяқ-қолдарыңыз шаншып ауырады. Әсіресе жүкті әйелдерге бұлай жату кеңес етілмейді, себебі мұндай жағдайда қан айналымы қиындайды екен.   Омыртқаға түсетін қысымды азайту үшін сарапшылар ішіңізге қосымша жастық қоюды ұсынады, сосын қаттырақ массаж болуы керек екен. Сонымен қатар, ғалымдар бас пен мойын еркін қозғала алатындай ыңғайлы позада ұйықтау керек дейді.  Өз кезегінде ресейлік физиотерапевт дәрігері Семен Гальперин америкалық ғалымдардың зерттеуін ойдан шығарылған деп атады. "Әртүрлі позада жатқанымызда ішкі органдарға түршіле қысым түседі дегенге келер болсақ... Бұл күмәнділеу, себебі біздің денеміз түрлі жағдайларға икемделген", - деп келтіреді дәрігердің сөзін РЕН ТВ. Сондай-ақ, ол ұйқы алдында "ыңғайлы" позада жату керек деген кеңесін сынады. "Ұйқы алдында қандай да бір позада жатуға ыңғайлану мүмкін емес", - деп мәлімдеді Гальперин. Осылайша дәрігер мұндай зерттеулердің анық-қанығын анықтап барып қана сену керек деген тұжырым жасады.
24 қыркүйек 2018 ж. 1 612 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам