КҮНДЕЛІКТІ БАС ЖУУ ҚАНДАЙ ҚАУІП ӘКЕЛЕДІ?

"Шашыңызды қаншалықты жиі жусаңыз, соншалықты оны кептіріп, ұшталуына жол бересіз", - деді Таунсенд. Сондай-ақ шаштараз шаштың табиғи майы оны емдеп, ешқандай кондиционерсіз табиғи жолмен ылғалдануына септігін тигізетінін айтты. "Оны табиғи кондиционер ретінде қабылдап көріңіз", - деп кеңес берді ол.
Қыркүйек айында тағы бір танымал шаштараз Люк Хершесон әйелдерге шаш кептіру кезінде тарақтан бас тартуға кеңес берген. Оның ойынша, шаш дымқыл болып тұрған кезде қолданған тарақ оның еселеп түсуіне септігін тигізеді. Сондықтан шаш үлгісін тарақпен сәндеуге асықпас бұрын, оны қолмен кептіріп алғаныңыз абзал деп жазады Lenta.ru.
kaz.tengrinews.kz