Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЛИМОН ШЫРЫНЫНЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІН БІЛЕСІЗ БЕ?

ЛИМОН ШЫРЫНЫНЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІН БІЛЕСІЗ БЕ?

  Аяғыңыздың сіңірі тартылып қалса, лимонды екіге бөліп табаныңызды ысқылаңыз.  Лимон сіңірдің тартылуына пайдалы. Аяғыңыздың сіңірі тартылып қалса лимонды екіге бөліп табаныңызды ысқылаңыз. Лимонның құрамында A, B, B2, P, C дәрумендері мен минералды заттар бар.
1.Аузыңыз уылса (стоматит) 1 литр суды қайнатып дене температурасымен бірдей етіп суытыңыз. 2 ас қасық бал және 1 лимон шырынын қосып зақымданған жерлерге күніне 2 реттен жағыңыз.
2.Лимон ауыз қуыстарындағы вирустарды жояды. Ол үшін 1 дана лимон шырынын 200 мл суға араластырып аузыңызды шайыңыз.
3.Лимонның бронхит ауруына пайдасы зор. Ол үшін 0/5 литр суды қайнатып, пештің үстінен түсіріңіз. Оған 1 шай қасық тұз, 5 тамшы лимон, эфир майын тамызып, буымен демалыңыз.
 4.Қан қысымыңыз жоғары болса 2 дана лимонды майдалап турап, 1,5 стақан қант сеуіп, 6 күн қойып қойыңыз. Тұнбадан бір ұрттамнан бір күн үзіп-үзіп ішіңіз.
5.Тұнбаны ішкен күні ештеме жеуге болмайды. Тек қайнаған суға лимон салып ішіңіз. Қан қысымыңыз түссе емделу уақытын тоқтатасыз. Әр емді қабылдаған сайын, 0,5 литр сүтке 5-10 бөлік қант салып қайнатыңыз. Сүтті суытып, жарты лимонның суын сығып бір ұрттамнан ішіңіз. Емделу уақыты әр бір жарым айда қайталанады.
6.Күйген жеріңізге лимон қойсаңыз тез жазылуына көмектеседі.
7.Уланған жағдайда суға лимон шырынын араластырып ішсеңіз, ағзаңызды тазартады.
 8.Кесілген жеріңізді лимонның шырыны араласқан сумен шайып, лимон таңсаңыз қанды тез тоқтатып, ұйытады.
 9.Етеккіріңіз тұрақты келмесе лимон шырынын ішіңіз, ішкі ағзаңызды қайта қалпына келтіреді.
 10.Лимон шырынымен бетіңізді сүртіңіз, бетіңіздегі барлық дақтарды кетіреді. Бетіңізге бөртпелер шықса мақтаға лимон шырынын сығып, бөртпелерді сол мақтамен сығыңыз.
 11.Әжімдер көңіл-күйіңізді түсірсе, күнжіт майы мен лимон шырынын бірдей мөлшерде алып, араластырып бетіңізді сүртіңіз.
 12.Лимонмен аяқ-қолыңыздың қатты терілерін жұмсартыңыз. Ол үшін, лимонмен қатты терілер бар жерлерді ысқылаңыз.
 13.Тісіңіздің қабыршағын кетіріп, ағарту үшін көк лимонның шырынымен жуып тұрыңыз. Бірақ күнделікті қолдануға болмайды. Себебі тіс эмаліна зақым келеді.
14.Лимон шырынымен шашыңызды жуыңыз. Шашыңыз жылтыр, жұмсақ, әрі жібектей болады.
15.Лимон қабығымен тырнағыңызды ысқылаңыз. Тырнағыңыз қатты әрі жылтыр, әдемі болады.
16.Аяғыңыз шаршаса лимонмен аяқты ысқылаңыз. Шаршағанын басады.
 17.Кез келген жәндік шаққан жерді лимон шырынымен сүртсеңіз, тез жазылып, ізі қалмайды.
18.Үйіңізде жәндіктер мен шыбын-шіркейлер көбейіп кетсе, солар жүретін жерлерге лимон шырынын жағып тастаңыз.
19. Егер басқа жемістермен лимонды қойсаңыз, жемістер өз өңін сақтап тұрады. Егер таза піспеген бананның жанына лимон қойсаңыз, бананыңыз тез піседі.
20.Лимон қосылған шай, шырын, сулар басыңыздың ауырғанын басып, жүйке-жүйелеріңізді демалдырады.
21.Лимонды асқазан аурулары бар адамдарға жеуге, қолдануға болмайды.
22.Артық салмақ тастағыңыз келсе 1 күнде 3 лимон, 2 күнде 5 лимон, 3 күнде 7 лимоннан жеңіз. Немесе стақанға 1 лимонның шырынын сығып үстінен су құйып, дәміне қарай бал қосып ішіңіз.
06 қараша 2018 ж. 2 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам