Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 5G желісі ауа райын болжауға кедергі келтіреді – The Guardian

5G желісі ауа райын болжауға кедергі келтіреді – The Guardian


Биыл қолданысқа енгізілетін 5G желісі қауіп төндіруі мүмкін, деп жазады The Guardian басылымы. Автордың жазуынша, 5G жүйесін ензігу ауа райын болжауға кедергі туғызып, ауа райын болжауға жауап беретін жер серіктердің жұмысына кері әсер етеді.
«Метеорологтардың айтуынша, бүкіл әлем бойынша іске қосылады деп дайындалып жатқан 5G желісі арнайы спутниктік құралдардың сезімталдығына кері әсер етіп, ауа райы өзгерістеріне мониторинг жасауға кері әсер ететін болады» деп жазады автор.
Оның айтуынша, бұның салдарынан ауа райы нашарлаған жағдайда, мысалы, қатты дауылдарды ескерту қиынға соғуы мүмкін. Бұл өз кезегінде адам өміріне қауіп төндіреді.
«5G желісі қатты дауылдар мен су тасқындарын болжауға кедергі келтіреді. Түптеп келгенде бұл өлім мен өмір мәселесі. Осы мәселе метеорологтарды қатты алаңдатады», — дейді Ауа райы Еуропалық орталығының маманы Тони МакНалли.
Оның айтуынша, 5G телефон желісінің жоғары жылдамдығы су буына ұқсас жиілікпен тарайтындықтан, ауа райын нақты болжауға кедергілер келтірілетін болады.
«Бұл — өте үлкен жаһандық проблема. Себебі біз бұл жағдайды уысымыздан шығарған сайын оның кері әсері арта береді», — дейді Висконсин-Мэдисон университетінің метеорологы Джордан Герт.

09 мамыр 2019 ж. 1 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 428 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам