Шемішке соқырішекке шалдықтыра ма? Дәрігер жауап берді
Дәрігерлер шемішкенің соқырішекке әсерін айтты. Мамандар шемішкенің соқырішектің пайда болуына қаншалықты әсері барын түсіндірді, деп жазады stan.kz.
Дәрігерлер шемішкенің қабығы ішекке жиналып, соқырішек ауруына тудырады деген пікірді теріске шығарды. Оған измирлік дәрігерлердің зерттеу қорытындысы дәлел.
Мамандар соқырішекке шалдыққан 2000 науқасты тексерді. Олардың 8-інің ғана ішегінде шемішкенің қалдығы мен тағам қалдықтары болды. Тек бір науқаста ғана жеміс сүйектері болды.
Гастроэнтеролог-дәрігер Сергей Вяловтың айтуынша, шемішке мен сүйек қалдықтары соқырішектің дамуына әсер етпейді. Сонымен қатар тамақтанудың соқырішекке әсері жоқ.
Дәрігердің айтуынша, соқырішекті алып тастаған соң шемішкені, жемістрді сүйегімен жей беруге болады.
"Ешқандай проблема болмайды, мәселен, өрікті сүйегімен жей беруге болады", - деді дәрігер.