ҰСТАМДЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНАНСЫЗ БА? (ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ)
Ашулануға тұрарлық сәттерде ұстамдылық таныта аласыз ба? Бұл сұрақтың жауабын төмендегі тест көмегімен анықтаңыз. Ол үшін төмендегі сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріп, әр жауабыңызды қағаз бетіне жазып отырыңыз. Артынша сәйкес жауапты оқыңыз.
Тест сұрақтары:
1. Менің ойымша, өзгелерге еліктеу өте қиын.
2. Айналамдағыларды күлдіру үшін Алдар көсенің немесе Қожанасырдың кейпіне оңай ене аламын.
3. Менен жақсы әртіс шығатын еді.
4. Неге екені белгісіз, ел терең ойға батып жүретінімді айтады.
5. Көпшілік бас қосқан ортада көзге аз түсемін.
6. Әр адаммен әртүрлі сөйлесемін. Көбінесе олардың тіліне икемделуге тырысамын.
7. Өзім толықтай сенім артатын адамдарды ғана қорғай аламын.
8. Үлкен жетістіктерге жету үшін жанымдағы адамдардың көңілінен шығу үшін барлығын да жасаймын.
9. Жек көретін адамдарыма өтірік жақсы көретіндей кейіп таныта аламын.
10. Мен бірқалыпты адаммын. Ешкімнің жетегіне ермеймін, өзгелерге құлақ ассам да өз еркіммен жүремін.
Тест нәтижелері:
1,5,7-ші сұрақтарға “жоқ” деп, бұдан өзгелеріне “ия” деп жауап берген болсаңыз, әр сұрағыңыз үшін 1 ұпай есептеңіз. Жоғарыдағы сұрақтарға шын ниетіңізбен жауап берген жағдайда, төмендегі жауаптар сізге сәйкес келуі тиіс.
0-3 ұпай. Адамдармен қарым-қатынасыңыз нашар. Мінезіңіздің тұрақтылығы соншалық, қажет болса да, өз дегеніңізден қайтпайтын қырсық адамсыз. Кей адам сізді тік мінезіңіз үшін ұнатпайды. Іштей достарыңызға да, бейтаныс адамдарға да адалсыз. Алайда өзгелерге жылы қабақ танытып үйренгеніңіз абзал.
4-6 ұпай. Айналаңыздағылармен қарым-қатынас жасауыңызға байланысты жақсы да, жаман да жақтарыңыз бар. Адал болсаңыз да, ішкі жан-дүниеңіздегі жылы сезімдерді көрсете бермейсіз. Сізге өзгелердің пікіріне құлақ асып үйрену қажет.
7-10 ұпай. Қарым-қатынас мәселесінде өте белсендісіз. Ситуацияға сәйкес кез келген рөлге еніп, өз дегеніңізге жете аласыз. Ең бастысы айналаңыздағыларға жақсы әсер қалдырасыз.
Ал сіз ашулануға тұрарлық сәттерде өзіңізді тежей аласыз ба?

http://reactor.inform.kz/