Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қартаймаудың қарапайым бес ережесі қандай?

Қартаймаудың қарапайым бес ережесі қандай?


Ешкім қартайып, шашының ағарып, бетінде біртіндеп әжімдердің пайда болғанын көргісі келмейді. Алайда уақыт бізге бағынбайды, өзіне тиесіліні алары сөзсіз. Дегенмен ерте қартаюдың алдын алып, жастық шақты ұзарту біздің қолымыздан келеді. Бар болғаны қарапайым ережелерді қолдансаңыз болғаны деп жазады sok.media сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қартаймаудың қарапайым 5 ережесімен таныс болыңыз:

1. Су

Қазіргі таңда күніне кем дегенде екі литр су ішу керек деген пікір қалыптасқан. Алайда бұл нақты емес. Әрине су, адам үшін өте пайдалы. Дегенмен өзіңді өзің қинап ішкізудің қажеті жоқ. Әр адам үшін судың тәуліктік мөлшері әртүрлі болып келеді. Дененің 1 келі салмағына 30 грамм судан есептесек, әр адамның су ішу мөлшері әртүрлі болмақ.

2. Диета

Нақты бір диетаны ұстанудың қажеті жоқ. Ашықтық сезіміне құлақ түру қажет. Ағза қуатқа мұқтаж екенінен осылайша хабар береді. Тамақты аз мөлшерде жиі тұтынып тұрған абзал. Ашықтық сезіміне шыдап жүре беруге болмайды.

3. Физикалық жаттығулар
Остеохондроз, остеопороз және басқа да бірқатар ескі аурулардың алдын алу үшін күнделікті дене жаттығуларын орындау маңызды. Кәрілікті артқа тастап, өзіңді жақсы сезіну үшін небәрі бір сағаттың өзі жеткілікті. Сондай-ақ, жиі жаяу жүріп, велосипед тебу пайдалы.

4. Гимнастика

Жүгіру мен залдағы жаттығулардан бөлек денеңізді керіп, созып тұру қажет. Бұл сізді бұлшық атрофиясынан қорғайды. Егер бұлшық ет тонуста болса, бұлшық ет корсеті омыртқаны ұстап, сүйектің жағдайы қалыпты болады.

Бұл құрсақ қуысында мүшелердің орын ауыстыруын, тамырлардың қысылуын және тіндердің өлуін болдырмайды. Сіздің қолыңызда және аяғыңызда күш сақталады, ал баспалдақпен көтерілу қарт жаста қиынға түспейді.

5. Оқу
Адам үшін тек физикалық емес, интеллектуалды түрде жас болу да маңызды. Есте сақтау қабілетіңіз жақсы болу үшін миыңызды жаттықтырып тұрыңыз. Кітап оқып, сөзжұмбақ шешіңіз.

Үйіңізге не дүкенге бара жатқан кезде жаттанды болған жолды емес, басқа жолды таңдаңыз.
04 қыркүйек 2019 ж. 1 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам