Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аяқ киіміңіз тар болса...

Аяқ киіміңіз тар болса...

 «Аяқта аяқкиім тар болса егер, не пайда дүниенің кеңдігінен?»
Танымал ән тіліңізге әуенімен оралды ма? Бірақ, қазір әңгіме ән туралы емес. Дұрыс ойлайсыз, аяқкиім туралы. Нақтырақ айтсақ, аяқкиімнің аяқты қажауы туралы. Жаңа оқу жылының басталуына, күннің суытуына байланысты жабық аяқкиімдер қызметін бастады. Ал, жаздың жайлылығы мен еркіндігіне бой үйреткен аяқтар оларды жатсынып қалғандай. Сондықтан, қажаудан қашып құтыла алмаймыз. Әсіресе, таңдауы туфлиге түсетін әйелдер қауымы. Бірақ, ұзаққа созбаудың және аяқты қатты ауыртпаудың бірнеше амалы бар. Жасап көремін десеңіз, ernur.kz айтып бере алады.
Егер аяқкиімнің сірісі өкше үстін қажаса, ернеуін балғамен жайлап ұрғылап жіберуге болады. Бұл біршама жұмсартады. Аяқкиімге зияны тимес үшін жұмсақ мата қойыңыз.
Аяқкиім ернеуіне және қажалған теріге майсана, күнбағыс, басқа да үйден табылған май түрін жағуға болады. Май жаққан соң аяқкиім ернеуін мыжғылап-созып жіберсеңіз тез жұмсарады.
Тағы бір тәсілі – аяқкиім сірісінің ішкі жағына бор не балауыз жағу. Бұл әдісті бірнеше күн бойы, күніне үш-төрт реттен қайталап отыруды естен шығармаңыз, сонда ғана пайдасын көресіз.
Ал егер нәтиже бір күнде болғанын қаласаңыз, кешкісін кішігірім майлықты сіркесуына малып алып, аяқкиім ішіне салып қойыңыз. Түні бойына солай қалдырасыз.
Мына тәсіл тіптен оңай әрі тез екен: аяқкиімнің қажайтын тұстарын араққа батырыңыз да, киіп алып арлы-берлі жарты сағаттай жүріңіз. Аяқкиім аяқтың қалыбына тез-ақ түсуге тиіс. Бұл әдісті жасау үшін арақ орнына сутегі асқын тотығы да жарайды.
Лейкопластырь алып, қажаған аяққа не аяқкиімге жапсырып қоя салыңыз десек, оны бәрі біледі дерсіз. Ендеше, одан да оңай әдісті айтайық: аяқкиімді кимес бұрын аяғыңызға крем жағып алыңыз.
18 қыркүйек 2019 ж. 1 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам