Жүкті әйелдер туралы қызықты деректер
- Статистикаға сүйенсек, соңғы 10 жыл ішінде әйелдердің 40 пайызы кесар тілігінің көмегімен босанған;
- Жүкті әйелдің аяғының өлшемі 1-2 есеге үлкейеді;
- Жүкті әйелдің иіс сезу мүшесі ұлғая түседі. Кез келген иісті жақтырта бермейді. Бұл сәбиді зиян иістермен уландырмаудың әдіс-тәсілі деседі;
- Бала туылғанда тізесінің сүйегі болмайды;
- Бесем табудың мүмкіндігі 600 000 адамның ішінен біреу ғана;
- Бала анасының құрсағында жатқанда саусағын сора бастайды;
- Жүкті әйелдердің шаштары қалың, әлі жылтыр болады. Себебі, олардың ағзасында өзге гормондар бөлінеді
Егерде анасының да, әкесінің де бойы кішкентай болса, ортадан шыққан баланың бойының ұзын болуы әбден мүмкіін
Әр 3 секунд сайын дүниеге сәби келеді
Аяғы ауыр әйел ерекше құлпырып кетеді. Ол рас. Жүктілік кезінде әйел адамдардың терісі жаңа туған сәбидікіндей жұмсақ болады. Себебі аяғы ауыр кезде, әйел адамның ағзасындағы қан мөлшері 50 пайызға артады;
Кейбір ер адамдарда әйелінің аяғы ауыр кезінде құсу, салмақ қосу, ішінің ауруы, бас айналу, тәбеттің болмауы секілді белгілер пайда бола бастайды;
Бала құрсақта жатқан кезде жылайды, күледі, тіпті билейді де. Сол үшін әйел адам үнемі жақсы ән тыңдап, жақсы әңгіме айтып, тек жағымды нәрселерді ойлау керек. Анасы қандай сезімде болса, баласы да сол эмоцияларды бастан кешіреді;
Балалардың көбісі көк, сұр-көк, аспан-көк түсті көздермен туылады. «Ол баланың ағзасында меланин пигментінің жетіспеуі», – деп түсіндіреді ақ халаттылар. Жарты жыл ішінде көзінің түсі өзгеруі мүмкін.
Егер де меланин жеткіліксіз болса, онда көзінің түсі көк түсті болып қала береді. Ал меланин пигменті жеткілікті болса, онда көзінің түсі қоңырқай немесе жасыл түске өзгереді.
Дайындаған: Б. ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ.