Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Көңілі ауған шығар": Жүрсін Ерман 82 жасында үйленген Нүсіпжанов туралы пікір білдірді

"Көңілі ауған шығар": Жүрсін Ерман 82 жасында үйленген Нүсіпжанов туралы пікір білдірді

   Айтыс жанашыры Жүрсін Ерман 82 жасында отбасын құрған әнші Нұрғали Нүсіпжановқа қатысты өз ойын айтты. Ол өнер иесінің бұл маңызды қадамға қоғамда шу туатынын біле тұра барғанын айтты деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Танымал ақын өзінен 45 жас кіші журналисті жар еткен Нүсіпжановты кінәләудан аулақ екенін алға тартты.
Жүрсін Ерман бұл жұптың қосылуына дүние мен байлықтың еш қатысы жоқ деп есептейді.
"Нұрғали Нүсіпжановты елдің барлығы желіде сөз етіп жатыр. Неге бұл жағдайға Нұрғалидің көзімен неге қарамаймыз? Мәселе дүниеде емес. Мәселе байлықта емес. Көңілі ауған шығар, жақсы көрген шығар. Содан кейін, Нұрғали бұл қадамға арты үлкен әңгімеге айналарын біле тұра барды. Оны неге кінәләуымыз керек? Ұлы мәртебелі махаббат жасасын" , - деп қысқа қайырды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрғали Нүсіпжановтың өзінен 45 жас кіші әйелге үйленгенін хабарлаған болатынбыз. 82 жасында отау құрған әншіні барша отандық жұлдыздар жаппай құттықтады.
Танымал әнші мен Жадыра Сейдештің некелесуі желіде қызу талқыға түскен. Бұл мәселеге қатысты бұған дейін Тұңғышбай Жаманқұлов пікір білдірген болатын.
09 қазан 2019 ж. 1 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 080 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам