Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада үй әперем деп 30 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ әйел сотталды

Қызылордада үй әперем деп 30 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ әйел сотталды

   Қызылордада кезектен тыс пәтер алып беретінін айтып елді алдаған азаматшаға қатысты сот үкімі шықты. Ол екі жыл көлемінде жәбірленушілерге 30 млн теңгеден астам мүліктік шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оңай жолмен ақша табуды мақсат еткен азаматша ойлаған ісін 2017-2019 жылдар аралығында жүзеге асырған. Ол өзін әкімшілікте қызмет атқаратынын айтып, қала аумағында жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден кезектен тыс пәтер алып беретініне сендірген. Дегенмен ол 27 жәбірленушіге 30 млн теңгеден астам мүліктік шығын келтірген. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылды. Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен азаматша 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қызылорда қаласының №2 сотында биыл 505 қылмыстық іс қаралған. Оның ішінде 101-і алаяқтық қылмыс ретінде тіркелген. Сотта қаралған әрбір бесінші іс - алаяқтық қылмыс. Бұдан бұрын 58 адамның 66 млн теңгесін алдап алған қызылордалық сотталған-ды.

12 қазан 2019 ж. 887 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам