Қатерлі ісіктің алдын алушы — жүзім
Елімізде де көптеп өсетін жүзім мен жүзімнен жасалатын миіз жастар үшін де, егде жастағылар үшін де таусылмас дәрумен және қуат қоры болып табылады. Жүзімнің құрамындағы аминоқышқылдар, В тобының дәрумендері иммунитет жүйесін қуаттандырады. Ферум, магний, калций және калий минералдары сүйектің жүйелі түрде дамуына ықпал етумен қатар адамға күш-қуат береді.
Жүзімнің тәтті болуымен бірге қан аздықтың, әлсіздіктің және іш өтудің алдын алатын қасиеттері де бар. Әсіресе қызыл және қара түсті жүзімдердің қабық бөлігіндегі фитоалексин тобына жататын расвератрол антиоксиданты жасушалардағы өзгеріс нәтижесінде ісік қалыптасуына ықпал ететін дербес радикалдарға бөгет жасап, қатерлі ісіктің қалыптасуына жол бермейді. Дәл осы зат капилярларда май бірігуінің алдын алатындықтан жүрек қан тамырлары ауруларына қарсы да өте пайдалы. Сондай-ақ тіндердің қалыптасуы, тері мен шаш саулығы тұрғысынан және бүйрек пен бауыр саулығына да пайдасы орасан зор.
Талшық тұрғысынан қанық келетіндіктен ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады. Қан аздыққа қарсы миіз, яғни кептірілген қара жүзім темірдің ең табиғи қайнары болып саналады. Дүние жүзінде жыл сайын 100 мыңдаған адамда тоқ ішек қатерлі ісігі анықталуда. АҚШ-та жасалған соңғы зерттеулер миізде тоқ ішектердің саулығына пайдалы инулин атты полифруктозан бар екендігі анықталған. 40-50 гр миізде 1,5 гр инулин болады екен. Күндік мәзірге миіз қосу арқылы әрі тоқ ішекке пайдалы азық, әрі жеміс пен талшықты азық қажеттілігін қамтамасыз еткен боламыз.