Танымал блогерлер Сыр елінде болды
Қызылорда қалалық ішкі саясаттың қолдауымен, "Прогресс" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 1-12 қазан аралығында Oblystyq Jastar Resy'rstyq Ortalyg'yнда түрлі желідегі тақырыпта оқыту курсы болып өтті.

Бұл блогтур орталық алаңнан бастау алып, Қорқыт ата ескерткіші, мәңгілік алаудағы жәрмеңке, Қызылорда теміржол вокзалы, Батырхан Шүкенов саябағы, Тәуелсіздік көшесіндегі жағалау, Тасбөгет мөлтек ауданы, сол жағалаудағы жастар орталығы, жаңа Болашақ университеті сынды жерлерді аралады. Себебі, қазіргі әлемде, елімізде ақпараттың жалғандығы халық арасына іріткі салатыны рас. Осындай қолайсыз жағдайды болдырмау үшін, фактчекингті дұрыс қоладана білуіміз керек. Фактчекинг-ақпаратты тексеру болып табылады. Мұны, келген спикерлер ұғынықты түсіндіре алды. Алғыр қатысушылар өздеріне керекті білім ала білді. Себебі, әр саланың майталман мамандары 2-3 сағатқа созылған уақытта көптеген құнды ақпараттарымен бөлісті. Интернет форум аясында сұрақ-жауап болды.