Сыр өңірі – түркі мәдениетінің алтын көмбесі
Топырағын түртіп қалсаң, тасын төңкеріп қарасаң, қарт тарихтан хабар беретін қазақтың қазыналы жерінде талай дүние тұнып жатыр. Алаштың анасы атанған киелі Сыр бойында да өткеннің ізіндей, көненің көзіндей болған тарихи һәм мәдени орындар жетерлік. Ұлы ойшыл Қорқыт ата дүниеге келген, ежелгі шығыс өркениетінің орталығы, түркі мәдениетінің алтын көмбесі атанған өміршең өлкеде мемлекеттің қалыптасуына қатысты талай жұмбақ жасырынып жатыр.
Осы аптада облыстық тарихи-өлкетану музейінде ортағасырлық Күйіккескен қалашығына жүргізілген археологиялық зерттеу нәтижесімен бөлісу үшін семинар ұйымдастырылды. Айтулы шараға «Археологиялық экспертиза» ғылыми-зерттеу ұйымының директоры, ЮНЕСКО эксперті, ҚР дүниежүзлік ұлттық мұра комитетінің бас хатшысы Д.А.Воякин, Tandy институты ассоциациясының ғылыми қызметкері, PhD, тарихшы-археолог Стив Гильберт, Алматы қаласындағы "Археологиялық экспертиза" ғылыми-зерттеу ұйымының археологтары А.Долгушев пен М.Гурулев және музей мен ескерткіштерді қорғау мекемесі қызметкерлері қатысты. Зерттеу ғалымдары бас қосқан жиында Сыр өңіріндегі оғыздар мәдениеті кеңінен таныстырылды.
Айнұр МАМАНҚЫЗЫ