Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ БІРГЕМІЗ!

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ БІРГЕМІЗ!

Жастар орталығында облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы Шығармашылық бастама жөніндегі әйелдер лигасымен бірлесіп, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету» бағыты бойынша «Кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеу бойынша әлеуметтік қызмет құру» мемлекеттік грантын іске асыру шеңберінде жасөспірімдердің хабардарлығын арттыруға бағытталған буллинг, қысым көрсету және кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың басқа да түрлерінің алдын алу бойынша оқушыларға арналған ақпараттық іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылармен мектеп пен колледж айналасындағы буллинг пен зорлық-зомбылыққа қатысты мәселелерді талқылау. Осының шеңберінде жасөспірімдер өз білім беру ұйымдарында буллингтің бар-жоғын, қандай жағдайларға тап болғандарын, кімге көмекке жүгінгісі келетіндіктерін және де қазіргі уақытта мектепте, отбасында, қатарластарының арасында олардың сенімін тудыратын, қорғаныста екендіктерін сездіртетін, сондай-ақ оларға көмекке келе алатын адамдар туралы айта алатын, өздерінің көзқарастарын білдіре алатын бейресми пікірталас ұйымдастырылды.
Дискуссия шеңберінде бейнефильмдер көрсетілді. Одан кейін жасөспірімдер арасында бұл бейнефильмдер талқыланды.Сонымен қатар оқушылардың өздерінің зорлық-зомбылық, қысым көрсету және т.б. жағдайларға тап болған кезде оларға көмектесуі тиіс қызмет орталықтарының қандай болуы мүмкін екендігі туралы өздерінің ұсыныстарын білдіре алды.
Пікірталас іс-шараларына облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Б. Үмбетова, «Bilim Foundation» қоғамдық қорының психологтары, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы С. Абдрахманова, облыстық полиция департаменті, жергілікті полиция қызмет басқармасының ювеналды полиция тобының ерекше тапсырма жөніндегі аға инспекторы Ғ. Нағыметов, облыс көлеміндегі мектептер мен колледж жасөспірімдері, психологтар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, полиция қызметкерлері, сондай-ақ ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысты.
25 қазан 2019 ж. 914 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам