Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сахнада Есен Елеукеннің үстіне мініп алған танымал әзілкеш желіні жарды

Сахнада Есен Елеукеннің үстіне мініп алған танымал әзілкеш желіні жарды


"Жайдарман" ойындары кезінде Қазақстан "КВН Одағы" президенті Есен Елеукеннің арқасына мініп, түспей қойған әзілкеш елді шулатты. Дәнекер Оразбайдың сахнадағы "бұзықтығы" түсірілген видео желіде тарап кетті деп жазады
KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушыларының жазуынша, қызық оқиға Алматыда өткен "Түлектер кездесуінде" болған.
Әзіл әлеміне деген алғашқы қадамдарын қазақша КВН-нен бастаған әзілкештер "Жайдарманның" 20 жылдығына орай өзара бас қосыпты.
Олар өздерінің жастық шақтарын еске алып, алматылық көрерменнің көңілін көтерген.
Ойын барысында танымал әзілкеш Дәнекер Оразбай өзінің "еркелігін" көрсетіп, Есен Елеукеннің үстіне мініп алды.
Кешке жиналған жұртты қыран-топан күлкінің астында қалдырған сәттің видеосы jaidarman_online парақшасында жарияланды.
Мұны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылған. Олардың бірі Дәнекердің қылығын жәй әзіл ретінде қабылдап, күлкіге қарық болғандарын жазса, енді бірі әзілкештің әрекетін ерсі санайтындарын алға тартты.

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 618 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам