Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. "Демалыс күндері Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік-шығыс бағытта атмосфералық фронттардың жылжуымен көптеген облыста жауын-шашын, қар жауып, көктайғақ және тұман болуы мүмкін., Атлантикалық жылы ауа массаларының батыс бағытта тасымалдануы біртіндеп солтүстік-батысқа ауысады, соған байланысты арктикалық теңіздерден суық ауа массаларының келуімен республика бойынша күн суытады деп болжанып отыр", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.