Қызылордада өз саласында зор жетістікке жеткен жастарға сыйақы беріледі

Қызылорда қаласының жастарына арналған дәстүрлі «Самғау» сыйлығына құжат қабылдау 15 қараша мен 9 желтоқсан күндері аралығында жүргізіледі.
«Самғау» жастар сыйлығына 14 пен 29 жас аралығындағы Қызылорда қаласының кез-келген жастары қатыса алады және арнайы құрылған комиссия қорытындысымен лайық деп табылған 10 жасқа 100 мың теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.
Айта кетейік, «Самғау» сыйлығы бұған дейін 7 жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, Қызылорда қаласынан 70 жас марапатталған.
Биыл бұл шара 8-ші рет ұйымдастырылғалы отыр.
Қосымша ақпараттарды қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нен алуға болады.
Байланыс телефоны: 26-35-62.