Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға қалды

Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға қалды

  Қыдырәлі бүлдірді - үндеген жоқпыз. "Кешью" сірә, аяғын көтерді - оған да үндеген жоқпыз. Сүгірді осындай дәрежеге дейін түсіретіндей не болды?
Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі тағы да сынға ұшырады. Бұл жолы өнер иесі өз кәсібінің жарнамасында атақты "Сүгір термесін" қолданғаны үшін сыналуда. Эстрада жұлдызына қарсы шыққан маңғыстаулықтар оны сотқа беруге ниетті, деп жазады kaz.nur.kz. Аталмыш бағдарлама барысында Төреғалидің елге танымал терменің мәтінін өзгертіп, оны өз мақсатында пайдаланғанына қатысты пікірталас өрбіді. Сүгір Бегендікұлының немересі бұл жағдайға өз наразылығын білдіріп, өнер иесі авторлық құқықты бұзғанын жеткізді.

"Жігіттер маған әлеуметтік желіде жібере бастады. Мен алдымен ойландым, жан-жағыммен ақылдастым. Қазіргі заманда сауатсыз адам жоқ қой. Қыдырәлі бүлдірді - үндеген жоқпыз. "Кешью" сірә, аяғын көтерді - оған да үндеген жоқпыз. Баяғыда айтыпты бір кісі "қарнымның ашқанынан емес, қадірімнің қашқанынан" деп. Енді қашанғы жүреміз. Сүгірді осындай дәрежеге дейін түсіретіндей не болды? Бүгінде авторлық құқық қорғалды, құдайға шүкір. Заңгерлер де айтып отыр. Төреғалидің өзіне, әкімшісіне де шығып, сұралған бұл жайт. "Өзің кешерім сұрай ғой" дегенбіз. Басында оны сотқа беру жайында ойымыз болған жоқ. Содан ол хабарласқан да, кешірім сұраған да жоқ. Біз маңғыстаулық халық өте момын халықпыз ғой. Енді заң аясында жауап беретін шығар деп ойлаймын. Жауап беруге тиісті, міндетті. Заңға енді жүгініп бастаймыз. Бұл жерде тек мен ғана емес, барлық Маңғыстау өлкесінің азаматтары оны күтіп отыр. Енді өзі келмесе, орган алып келетін шығар" , - деді Жәнібек Сүгіров.
http://ernur.kz/​​​

20 қараша 2019 ж. 1 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 081 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам