Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордадағы жол апаты: тағы бір бала көз жұмды

Қызылордадағы жол апаты: тағы бір бала көз жұмды

   Қызылордадағы жол апатынан зардап шеккен тағы бір бала алған жарақатының салдарынан ауруханада көз жұмды. Бұл туралы BaigeNews.kz сайты хабарлады.
Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, 10 жасар бала есін жимастан 21 қараша күні кешке көз жұмған.
Бала көп жарақат алған. Бас сүйек-миы зақымдандан, оң жақ саны сынған, сол жақ жіліншігі сынған. Бала ауруханаға түскенде комада болды. Оны тыныс алу аппаратына қосқан болатынбыз, - деді денсаулық сақтау басқармасының өкілі Айбек Мырзағұлов.
Қаза болған баланың анасы қазір реанимация бөлімінде жатыр.
Жағдайы тұрақты ауыр. Қазір реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр. Әйелдің саны, ортан жілігінің сүйегі сынған. Келесі аптада ота жасауды жоспарлап отырмыз. Ауруханадан шығару жөнінде айту әлі ерте, - деді Қызылорда қалалық ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Төлеген.
Естеріңізге сала кетейік, 21 қараша күні Қызылордада көлік аялдамадағы адамдарды басып кеткен еді. Сондай-ақ, жүргізушінің де ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.
22 қараша 2019 ж. 829 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 523 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам