Денсаулық сақтау қызметкерлеріне тренинг басталды
ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ұйымдастыруымен денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне арналған "Көшбасшылық энергиясы – өз бойымыздағы энергия!" тақырыбында тренинг өтуде.
Мастер-класқа Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, аумақтық департаменттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың директорлары қатысты.
Шара мақсаты- көшбасшы мен оның командасының тиімді өзара іс-қимылын құру бойынша құзыреттілікті дамыту.
Тренингте сөз алған жаттықтырушы мақсатқа жету жолындағы сенімдерді шектейтін кедергілерді жеңу, сондай-ақ көшбасшы мен оның командасының тиімді өзара іс-қимылын құру және бағынысты қызметкерлердің алдына нақты міндеттерді қалай қою керектігі туралы құпиялармен бөлісті.
Коучер кез-келген сенімсіздікті жоюға, сондай-ақ өз күшіне сенуге және көшбасшылық ұстанымдарды оятуға ерекше назар аударды.
Тренинг барысында қатысушылар маманға өздерін қызықтырған тақырыптарда сұрақтар қойды.
Соңында интерактивті ойын сабағы барысында барлық қатысушылар жұптарға бөлініп, алған білімдерін қолданып, маман ұсынған техникаларды пайдалана отырып, жұмыс жағдайын модельдеді.
Тренингтің қорытындысы бойынша әрбір қатысушы сырт көзбен өзіне басшы ретінде қарауға, басшы ретіндегі өзінің күшті және әлсіз жақтарын сезінуге, өзінің көшбасшылық стилін анықтауға және басқару тиімділігін арттыру мақсатында оны түзетуге мүмкіндік алды.
Тапсырмаларды нақты қою арқылы бағынысты қызметкерлерді нәтижелі басқару технологиясын игерді.
Айта кету керек, аталмыш тренингтің бірегейлігі эмоциялық интеллект пен оқыту фасилитациясы-жеделдете оқыту мен дағдыларды дамытудың ең прогрессивті, тиімді және қызықты әдісі негізінде құрылған.