Татуласу: сотқа дейін, сотта

Дауларды сотқа дейін, сотта шешу үшін Жоғарғы сотпен ауқымды, жүйелі жұмыстар жасауда. «Татуласу: сотқа дейін, сотта» қанатқақты жоба аясында татуластырушы-судья, медиаторлар, психологтар қарқынды жұмыс істеп жатыр. Соттарда ашылған арнайы фронт-кеңседе медиаторлар сотқа жүгінген халыққа қызмет көрсетеді. Пилоттық жоба аясында қаралған істер жалпы сот талқылауының уақытымен салыстырғанда 2-5 жұмыс күні ішінде татуласу рәсімдерін қолдану арқылы қаралып, аяқталады. Пилоттық жоба жұмысына татуластырушы – судья да жұмылдырылды. Дәл осы мезетте судьяның көп жылдық тәжірибесі, шеберлігі дауды терең зерттеп, оған баға беріп, адамгершілік қарым-қатынас ұғымын келтіре отырып, тараптарды ауызбіршілікке алып келуге көмектеседі.
Бибінұр АМАНЖАН,
Қызылорда облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
психолог-инспекторы