Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Облыс әкімі кардиохирургиялық орталық жұмысымен танысты

Облыс әкімі кардиохирургиялық орталық жұмысымен танысты

  Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов кардиохирургиялық орталықтың ашылғынына 10 жыл толуына орай, облыстық көпбейінді аурухананың жұмысымен танысты. Оның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтауға арналған компьютерлік тамограф және ангиограф аппаратының жұмыс нәтижесін көрді.
Облыстық көпбейінді ауруханасына жаңадан қойылған компьютерлі тамограф қондырғысына жергілікті бюджеттен 440 млн теңге қаралса, қан тамырларын рентген сәулелері арқылы тексеріп, жүрек ауруларын анықтайтын ангиографиялық аппараты мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде алынған.
 Дүниежүзілік Денсаулық ұйымының көрсеткіші бойынша, жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту үшін 1 млн халыққа 1000 ота жасалуы қажет. Облысымыздың 800 мың тұрғынына есептегенде жыл сайын 800 ота жасалуы қажет. Ол үшін әрбір 250 мың тұрғынға шаққанда 1 ангиографиялық аппарат қажет етіледі. Биыл  мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде алынған 2 ангиографиялық аппараттың көмегімен халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы артады деп күтілуде. Ангиограф аппаратының бірі облыс  орталығында, бірі Қазалы ауданында.
Елбасы және Мемлекет басшысы  тапсырмаларына сәйкес халықтың денсаулығы басты назарда болу қажет.   Мұндай құрал бұрын біздің өңірімізде болмаған. Алдағы уақытта да бюджет қаражатынан осындай заман талабына сай келетін құралдарды сатып алуды қарастырамыз",- деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектi дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама аясында 2009 жылдың 6 желтоқсанында облыстық медицина орталығының құрамында кардиологиялық орталық ашылды. Сол күні Қызылорда облысының туа бітті жүрек ақауымен туылған 13 жасар тұрғынына алғашқы рет ота жасалған. 2009-2011 жылдар аралығында облысқа алыс-жақын шет елдердің, республикалық орталықтартың профессорлары, доценттері, арнайы мамандары келіп бірнеше шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.
06 желтоқсан 2019 ж. 742 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам