Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СӨЗ ӨНЕРІНІҢ СЫРШЫЛ ӘЛЕМІ

СӨЗ ӨНЕРІНІҢ СЫРШЫЛ ӘЛЕМІ

  Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы негізінде «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры «Туған жерге тағзым» әлеуметтік жобасы аясында бірқатар іс-шаралар өткізді. Жоба аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бірінші оқу ғимаратында ақын, журналист Толқын Қабылшамен кездесу өтті.
Жиынға облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ернұр Биқожаев, университет оқытушысы Шанжархан Бекмағанбетов және студенттер қатысты.
Т.Қабылшаева – облыстық «Qyzylorda» телеарнасының журналист-тележургізушісі, «Шабыт» халықаралық шығармашылық фестивалінің жүлдегері, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі. Кездесуде өлеңге, поэзияға, әдебиетке бейімі бар жастардың ұлттық құндылық, туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, елге қызмет ету, өз елінің жақсы атағын шығару мәселелері сөз болды.
Сонымен бірге, сөз өнерінің аса қастерлі саласы, ақын бойындағы шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемі, ұлттық әдебиеттегі сезім мен сырға толы поэзия, өлең құдіретінің жарқырап көрінер әсемдік әлемі әәңгіме өзегіне айналды. Сондай-ақ, қазақ өлеңінің құдыреті, облыстық телеарнадағы «Маржан сөз», «Тіл таным», «Өмір-өлең», тікелей эфирден берілетін «Өмірдің өзі» хабарлары туралы пікір алмасулар болды.

Жарасхан Қуанышбайұлы.
29 қараша 2017 ж. 1 619 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 067 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам