Синоптиктер дабыл қақты

23 желтоқсанда Атлант мұхитынан келген циклон әлі күнге дейін республиканың көп бөлігінде өз ықпалын сақтап келеді. Осыған байланысты кей жерлерде қар жауады, тек батыста және оңтүстік-батыста құрғақ ауа массалары жететіндіктен жауын-шашын тоқтайды. Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында бұрқасын күтіледі, күндіз Солтүстік Қазақстан, тәулік бойынша Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Қызылорда, Актөбе облыстарының тұман түседі, Алматы облысында көктайғақ болуы ықтимал.