Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақы мен зейнетақы өседі

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақы мен зейнетақы өседі

    2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар салалар мен мамандықтар бойынша еңбекақы ресми артады.
Атап айтқанда, мұғалімдер жалақысы 25 пайызға, мәдениет саласы қызметкерлерінде 35-50 пайызға және әлеуметтік қызметтерде еңбекақы 30-60 пайызға көбейеді.
"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағымен марапатталған мұғалімдерге 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем беріледі, ал магистр дәрежесі бар дене тәрбиесі және спорт саласындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне және әскери оқу орындарының оқытушыларына қосымша 10 АЕК төленеді. Сонымен бірге, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақтық зейнетақы 7% -ға өседі, ал оның ең төменгі мөлшері 38 636 теңгені құрамақ.Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 пайызға артып, ең төменгі мөлшері - 16 839 теңге болады. Ал Жастар жылының ресми жабылуында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап студенттер шәкіртақысы 25 пайызға артатынын мәлімдеді. Осылайша, бакалавриат студенттеріне арналған стипендия 26 186 теңге, магистратураға - 66 913 теңге, докторантура үшін - 102 498 теңге төленеді.
01 қаңтар 2020 ж. 730 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам