Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Орталыққа жаңа басшы келді

Орталыққа жаңа басшы келді

  Қызылорда қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне 2020 жылдың 10 қаңтарынан бастап Кеңшілік Сабыржан Бауыржанұлы тағайындалды. Бұл туралы қалалық ішкі саясат мекемесінің фейсбук желісіндегі парақшада жарияланды. Сабыржан аймақтағы жастар саясатында тәжірибесі бар маман. Білімді де, білікті белсенді жас.
Сабыржан Бауыржанұлы, 1994 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда қаласына қарасты №12 І.Қабылов атындағы орта мектебінің түлегі. М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алған, жоғарғы білімін «Ақмешіт» институтының «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2012 жылы «Қызылорда жастары» Қауымдастығы Еріктілермен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі қызметінен бастап, 2014 жылы «Қызылорда – Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің Жоба үйлестірушісі, 2014-2018 жылдары аралығында Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, «Көшбасшылар» клубының жетекшісі, 2014-2019 жылдары аралығында «Сана» зияткер жастар мектебі» Қоғамдық қорының Президенті, 2018-2020 жылдары аралығында Жалағаш аудандық оқушылар үйі "Цифрлық лаборатория" кабинетінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарып келген.
Сонымен қатар Сабыржан Бауыржанұлы Қызылорда облысы әкімінің «Сыр Үміті» жастар сыйлығының иегері, Ұлттық тренерлер пулының тренері, «Жастар қызметкерлері» Қауымдастығының мүшесі.

10 қаңтар 2020 ж. 948 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам