Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Абай – халқымыздың мақтанышы, ұлтымыздың ар-намысы

Абай – халқымыздың мақтанышы, ұлтымыздың ар-намысы

  Біздер өмір өткелдерінің біршама белесінен өткен жандармыз. Үлкендердің тәрбиесін көріп, өнегелі істерінен сабақ алдық, ой түйіндедік, қайтсек жақсы адам болып, азаматтық биіктікке көтерілеміз деп қал – қадірімізше білім қуып, ой – өрісімізді кеңейтуге барынша ықылас таныттық, не керек өзімізді танып білуге өзгелердің саналы ғұмырының жетістіктерін өмір жолымыздағы игілікті істерге арқау қылуға ниет жасадық.
Барлық іске сын көзімізбен қарауға, жақсылық жағына қарай талпыныс жасауға үміт отын тұтандырдық. Үміт отын тұтандырдық деуімнің астарында үлкен философиялық терең ойлар жатыр еді. Мектеп қабырғасында жүріп көркем шығармаларды оқу, одан алған әсеріңмен ой бөлісу, өзіңді қоршаған әлеуметтік топ өкілдерімен пікір таластыру біздің дағдымызға айналғанды. Қай кезде де қоғамның тіршілік ету аясы қайшылықтарға толы болатынды. Солардың арасынан дұрыс шешімді таңдау өзіңнің тікелей пайымдау дәрежеңе, ойлау қабілетіне байланысты болса, үлкендер өткен жолдың тәжірибесіне арқа сүйеп, ақыл – кеңес алғандай болатынбыз. Осы ретте балғын балалық шағымыздағы нағыз ақыл-ойдың қайнар көзі Ұлы Абайдың өлең жолдарынан сусындап білім нәрін бойымызға сіңірсек, ұлтымыздың биік тұлғасын мәңгілікке қалыптастыруда дархан ойдың қас шебері Ұлы Абайдың халқының перзенттеріне арнап жазған қара сөздерінің мазмұны мен мағынасына терең талдау жасап, ой бөліссек: біз қазір кімбіз, халықаралық қауымдастықтың ортасындағы тұлғалы елдің перзенттеріне лайықтымыз ба, өз орнымызды тапқан, жұрт мойындаған ұлт өкілдеріміз бе, ел бірлігін сақтап, мәңгілік елдің іргетасын қалауға бір кісідей атсалысқан Абай атамыз арман тұтқан халықтың өкіліміз бе деген сұрақтар туындап отырғанын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласының өн бойынан өріліп тұрғаны айқын сезіледі. Мақсат ұлы ғұлама, ақын, ағартушы, ұлтымыздың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық торқалы тойын атап өту бүкіл халқымыз перзенттерінің әрқайсысының өздерінің ары алдарындағы есеп берер кезі деп түсініп, заман талабына сай ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін ерекше құбылыс деп бағалағанымыз дұрыс болар. Абайдың әрбір айтқан сөз-маржандарының тұнбасы халқымыздың өмір талқысынан өткен мақал-мәтелдеріне айналып, әрбір азаматтың өмірлік қадамына дұрыс бағыт беретін математиктің сөзімен айтқанда аксиомалық терең философиялық ұғымдар жиынтығы екені даусыз. Сондықтан да той – тойлаудың терең мазмұны Ұлы Абайдың әрбір айтқан ойларын әрбір қазақ терең түсіністікпен қабылдап, болашағымыз үшін білімнің қайнар көзі ретінде ойға түйсек екен дейміз.
Сайлаубай Әбішев,
қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

13 қаңтар 2020 ж. 843 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам