Қызылордада өрт оқиғасы орын алды

Жауапты сала мамандарының мәліметінше, сарайдың төбе жабыны мен шатыры толық өртеніп кеткен. Бөлме ішінде тұрмыстық заттар, ас үй жиһазы, тоңазытқыш, велосипед, 3 пластик терезе жанған. Сондай-ақ, өрт ішінен 27 литрлік 1 газ баллоны шығарылды.
- Өрт 11 сағат 03 минутта оқшауланып, 11:10 жойылды. Төтенше жағдайлар департаменті 15 қызметкер, 3 автокөлік, апаттар медициналық орталығынан 3 қызметкер 1 автокөлік жұмылдырылды,-дейді департаменттің ресми өкілі.
Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.