Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Снюс денсаулыққа зиян

Снюс денсаулыққа зиян

    Күн сайын темекі өнімдерін өндірушілер жаңа тауарларды ұсынып отыр. Қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуға байланысты соңғы кездері «снюс» деп аталатын шайнайтын темекі түрі кеңінен таралуда. Еліміздің сауда сөрелерінде жақында ғана пайда болған зат жастар арасында сұранысқа ие болуда.
Осыған орай Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, облыстық полиция департаменті, облыстық білім басқармасы мен жастар денсаулық орталығы мамандарынан арнайы жұмысшы топ құрылды. Аталмыш жұмысшы топ қаладағы барлық оқу орындарына барып, снюсті пайдаланудың адам денсаулығына қауіптілігін түсіндіруді мақсат етеді.
Жұмысшы топтың алғашқы шарасы қаладағы М. Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінде өтті. Кездесу барысында оқу орны студенттеріне снюсті қолданудың зиянды әсері және қауіп салдарлары түсіндірілді. Түтінді шылымда 1,5 милиграм никотин болса, снюстың құрамында оның мөлшері 250 милиграмға дейін бары анықталған. Бұл мөлшерден 100 есе көп. Осыған байланысты Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің маманы Бас санитар дәрігердің құрамында нормадан көп никотины бар кез-келген тауарды пайдалануға, таратуға уақытша шектеу қоятын қаулысымен таныстырды. Сонымен қатар снюстің адам денсаулығына зияндылығы мен қауіптілігі туралы ақпараттар жазылған жадынамалар таратылды.



Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті
15 қаңтар 2020 ж. 1 370 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам