Игорь Крутой қызына қырындағаны үшін Димашпен ара-қатынасын үзген - шетелдік БАҚ
Желіде әнші ресейлік продюсердің қызы Викторияға көңіл білдірген деген сыбыс тарауда.Димаш Құдайбергеннің Ресей мен Еуропадағы концерттік турының ұйымдастырушысы Хизри Байтазиев қазақстандық әнші мен ресейлік композитор арасындағы шығармашылық қатынастың үзілгені туралы тағы бір қауесетті жоққа шығарды, деп жазады Zakon.kz.
Әлеуметтік желі мен бірқатар ақпарат басылымында 25 жастағы әнші Димаш Құдайберген мен композитор Игорь Крутой әріптестігін тоқтататты, оған әншінің ресейлік продюсердің өгей қызы Викторияға көңіл білдіруі себеп болды деген сыбыс тарауда. Ондағы мәлімет бойынша, Игорь Крутой бұндай байланысқа қарсы екен. Димаштың 2020 жылғы Ресей мен Еуропадағы концерттік турының ұйымдастырушысы Хизри Байтазиев түрлі бұқаралық ақпарат құралында тараған бұл мәліметті жоққа шығарды. "Бұл жай ғана сыбыс емес, бұл сұмдық фейк. Мен бұндай ақпаратты тарату кімге тиімді екенін білмеймін. Осыны ойлап шығарған адамдар ұялсын. Ешкім ешкіммен ешқандай қатынасын үзген жоқ және үзгелі жатқан жоқ. Біз жасайтын жобалар әлі көп", - деп түсіндірді Хизри Байтазиев. Ол Димаштың 2020 жылға жоспарланған концерттері белгіленген уақытында өтетінін де қадап айтты.