Жұлдыз жорамал 24 қаңтар
Шығармашылықпен айналысатын және жұмысы кездесу, мерекелік кеш ұйымдастырумен тығыз байланысты жандар күнді керемет өткізеді. Жұмыста да, үйде де тыныштық орнайды.
Торпақ
Егер асығыстық танытпасаңыз, күніңіз сәтті өтеді. Жаңа істі бастамас бұрын, ең алдымен барлығын ой елегінен өткізіп алыңыз. Отбасыңызға көп көңіл бөліңіз. Жақындарыңыз сізден жылы сөз күтеді.
Егіздер
Көп жетістікке жетесіз. Өзгелер көре алмаған ұсақ-түйекке мән беріңіз. Ішкі түйсігіңіз қателіктердің алдын алуға көмектеседі. Жаңа танысқан адамдарыңыз айтарлықтай ұнамағанымен, өз пайдасын тигізеді.
Шаян
Сізді алда қызықты күн күтіп тұр. Көптеген мәселелерді оңай шеше аласыз. Себебі барлығын алдын ала жоспарлап, тиянақтап отырасыз. Түрлі саладағы адамдармен байланыс орната біліңіз.
Арыстан
Отбасыңызбен алыс жолға шығасыз. Не болмаса достарыңызбен көңіл көтересіз. Орын алатын жағдайға қарай жоспарды да өзгертуге тырысыңыз. Бүгін күтпеген жерден орын алатын оқиғалар көп болады.
Бикеш
Күніңіз сәтті өтеді. Жаңа идеялар пайда болады. Егер жалқаулығыңыз ұстамаса, барлық істі қолға алуға болады. Қиын жұмыстарды тез орындайсыз. Қиын шаруаны атқара жүріп, өзіңізге пайдалысын аласыз.
Таразы
Барлық жұмысқа белсене араласасыз. Жолыңызда кедергілер кездессе де, олардың ешқайсысына көңіл аудармайсыз. Себебі бүгін болмаса да, алдағы уақытта жеңіске жететініңізді білесіз.
Сарышаян
Соңғы уақытта сізді және сіздің жақындарыңызды уайымға салып жүрген сауалға жауап табу үшін ұйымшылдық қажет. Бірігіп мәселенің ақ-қарасын анықтар болсаңыздар оны тез шешетін боласыздар.
Мерген
Болмашыға көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Тек жақсылық туралы ойланыңыз. Өзгелердің қолынан келмеген шаруаны сіз әрі қарай жалғастырып әкетесіз. Жұмыстың соңына дейін жеткізесіз.
Тауешкі
Таңертең қуантарлық жағдай орын алады. Күтпеген тосынсый аласыз немесе жағымды жаңалық естисіз. Ал кешке қарай барлығын ысырып қойып, тек демалыңыз.
Суқұйғыш
Бүгінгі күн ерекше, әрі таңқаларлық оқиғалар орын алады. Өмір сүру салтыңыз өзгереді. Бұл сізге ұнайтын болады. Бұл орайда сізге ішкі түйсігіңіз көмекке келеді. Өзіңізге деген сенімділігіңізді жоғалтпаңыз.
Балықтар
Айналаңыздағы адамдардан естіген жаңалықтарды, ақпараттарды бүге-шүгесіне дейін ұмытпауға тырысыңыз. Сізді қызықтырған тақырыптар алдағы уақытта жұмысыңызға өте қажет болады.