Бүгін Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеңейтілген отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады.