Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Негізгі мақсат – көпбалалы отбасына жүйелі қолдау көрсету

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Негізгі мақсат – көпбалалы отбасына жүйелі қолдау көрсету

 Үкімет әлеуметтік саладағы заңнаманың жоқ-жітігін түгендеуі керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілді. Олқылықтар жойылды. Негізгі мақсат көлбалалы отбасына жүйелі қолдау көрсету болып отыр. Бірақ, әлі күнге дейін нақты ұстаным жоқ. Жағдайдың ыңғайына қарай жүріп келе жатырмыз. Үкімет әлеуметтік саладағы заңнаманың жоқ-жітігін түгендеуі керек»,- деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті әлеуметтік әл-ауқат тұрғын мәселесімен тығыз байланыста екендігін баса айтты. «2018-2019 жылдары тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқыны барынша жоғары болатын. Бұл 25 мың отбасының баспана мәселесін шешуге мүмкіндік берген еді. Оның ішінде 5,5 мың аз қамтылған, көпбалалы отбасы мен 3 мың жұмыс істейтін жас баспаналы болды. Бұл нақты нәтиже. Тұңғыш Президенттің «Бақыты отбасы», «7-20-25» бағдарламалары арқылы шамамен 20 мың отбасы зайым алды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

24 қаңтар 2020 ж. 1 095 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам