Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Екі университеттің лицензиясы тоқтатылды

Екі университеттің лицензиясы тоқтатылды

   Орталық Азия университеті мен Қазақстан теңіз университеті БҒМ анықтаған бұзушылықтарды жоймаған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Баспасөз қызмеінің мәліметтеріне қарағанда, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындарының сапалы мамандар даярлауды қамтамасыз ету бөлігіне мониторинг жүргізіп жатыр. Бүгінгі күні Орталық Азия университеті мен Қазақстан теңіз университетінде білім беру саласындағы заңнама талаптарында бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, ҰБТ-ның шекті балын жинай алмаған немесе ҰБТ сертификаттары жоқ, сондай-ақ, түсу емтихандарының нәтижесі жоқ талапкерлерді қабылдау жағдайлары орын алған. Аталған университеттерде білім беру үрдісі толығымен сапалы профессор-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етілмеген. Нәтижесінде түлектер еңбек нарығында сұранысқа ие болмай қалады. Кадрларды даярлаудың көптеген бағыты бойынша жұмысқа орналасу пайызы белгіленген нормаларға сәйкес келмейді, яғни 50%-дан кем. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 2019 жылғы 3 желтоқсанда аталған ЖОО лицензияларының қолданылуын тоқтату туралы қаулы қабылдады. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының Комитет шешімдеріне шағымдануы бойынша сот процестері жүріп жатыр.
24 қаңтар 2020 ж. 714 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 440 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам