Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жігіттерге керек кеңес

Жігіттерге керек кеңес

 Қырыну тері үшін үлкен стресс. Қырыну теріні күн сайын зақымдайды, табиғи қорғаныс тосқауылын бұзады. Тері тозуының алдын алу үшін мына кеңестерді пайдаланып көріңіздер.
Терінің қабаруына қарсы алоэ ең жақсы табиғи құрал деп есептеледі. Бір жапырағын жұлып алып, сөлін бірден жағыңыз. Оның орнына алоэның 100 пайыздық гелі бәрінен жақсы.
 Авакадо дейтін тропикалық жеміс бар. Тітіркенген теріге соның бір тілімін жабыстырсаңыз жетіп жатыр.       
Қияр терінің әртүрлі сырқатына қарсы әбден сыннан өткен амал. Оның бір кесімін тітіркенген теріге басады. Қиярдың қабығын алып тастап, оны езгілеп, тері­ге жағуға болады. Оған авакадоның езілген жұмсағын қоссаңыз бәрінен жақсы.
 Тітіркенген теріге календула қосылған май жағы­ңыз. Осы өсімдіктің гүлінен алынған экстракт тері­нің әр түрлі зақымдалуына қарсы қолданылады.       Ұстарамен қырынатын болсаңыз оның жүзін төрт реттен артық қолданбаңыз. Оның жүзі мұқалып қалса, ұстараны теріге қаттырақ батыруға тура келе­ді де, ол одан әрман тітіркендіреді. Бір рет қырынуға арналған станоктарды үш рет қырынған соң шаруасы біткен зат ретінде лақтырып жіберіңіз.
 Станок пен электр қырынғышын кезек­-кезек пай­даланыңыз. Бір айда біреуімен, екінші айда екіншісі­мен қырыныңыз. Сіз станокты ұстарамен қырынсаңыз теріңізді, шашыңызды суға жақсылап жұмсартыңыз. Қырыну үшін жақсы крем пайдаланыңыз. Қырынып болғаннан кейін лосьон пайдаланба­ңыз.. Сондай-ақ алкогольден, шылым шегуден бас тарту қажет. Ол ағзаның тез тозуына, беттің солғындауына соқтырады.
27 қаңтар 2020 ж. 688 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 440 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам