Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанның валюта айырбастау пункттері жұмыс режимін өзгертті

Қазақстанның валюта айырбастау пункттері жұмыс режимін өзгертті

   1 ақпаннан бастап ақша айырбастау пункттері жаңа ереже бойынша жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа ереже бойынша, 1 ақпаннан бастап айырбастау пункттері 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратовтың айтуынша, жұмыс кестесінің өзгеруі айырбастау пункттері мен тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Оның айтуынша, бұл шара кешкі және түнгі уақытта қолма-қол шетел валютасын сату бағамының артуы мен халық арасында негізсіз дүрлікпе тудыруды болдырмауға көмектеседі. Қазақстаннан әуежайлар, т/ж вокзалдары және мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінде келіп/кететін адамдар үшін айырбастау орындарының жұмыс режимі өзгермейді - олар тәулік бойы ашық, ал бірінші санаттағы ірі сауда орталықтарында - 9:00-ден 22:00-ге дейін істейді. Бұдан басқа, енді айырбастау орындарында қазақстандықтардың есімі жазып алынады. Айырбастау пункттерінде валюта бағамымен 500 мың теңгеден аспайтын сомаға операция жүргізілгенде тізілімдер журналында клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және ЖСН (бар болса) тіркеледі. Сондай-ақ, валюта айырбастау орындары үшін жарғылық капитал көлемін 100 миллион теңгеге дейін ұлғайды. 

02 ақпан 2020 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам