Жұлдыз жорамал 3 ақпан
Көптен бері мазаңызды алып жүрген адам бар. Мүмкін бұл сізге ғашық жан болар. Сіз оның үмітін арттыра бермей, бірден жауап бергеніңіз жөн.
Торпақ
Сұлулығыңызға тамсанатындар көп. Біраз адам сізге ғашық болып, өз ұсыныстарын да жасайтындар бар. Ал сіздің ойыңыз басқада болмақ.
Егіздер
Сезімдеріңізді жасырын ұстайсыз. Ешкіммен бөлісуді жөн көрмейсіз. Дегенмен ой бөлісетін, кеңес алатын жанға жолығыңыз.
Шаян
Қиын мәселе туындайды. Алайда оны елемеуге тырысасыз. Көңіл күйіңізді түсіргіңіз жоқ. Сізге жақындарыңыздың көмегі қажет.
Арыстан
Қаржылық мәселеңіз қиындай түседі. Бұл жұмысқа енжарлық танытып, ақшаны босқа шашқанның салдарынан болуы мүмкін.
Бикеш
Айналаңызда болып жатқан оқиғалар сізге ұнамайды. Бірақ еш алаңдамаңыз. Барлығы өз орнына келеді.
Таразы
Бір құпияның сырын ашасыз. Бірақ оны басқаларға айтудың қажеті бар ма, жоқ па оны өзіңіз шешіңіз. Ешкімді ренжітіп алмаңыз.
Сарышаян
Үйде отырғанды қаламайсыз. Көпшілік жерде достармен басқосуды ұйымдастырып, көңіл көтеретін боласыз.
Мерген
Туыстан жақын ешкім жоқ. Сізге жанашырлық танытатын да солар. Тек солармен ғана көңілді кеш өткізе аласыз.
Тауешкі
Бүгін мәселе де туындайды. Оның шешілуіне көмек көрсететін жаңа танысты да қоса жолдайды. Жаңашылдыққа бет бұрасыз.
Суқұйғыш
Барлық істі өз қолыңызға алғыңыз келеді. Тау қопарардай күшіңіз бар. Алайда барлық шаруаны өз мойныңызға ала бергеніңіз жөн емес.
Балықтар
Өте еңбекқорсыз. Қолыңыздан барлығы келеді. Берілген тапсырманы жауапкершілікпен атқара аласыз.