Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жұлдыз жорамал 5 ақпан

Жұлдыз жорамал 5 ақпан

  Тоқты
Бүгін сіз кез келген жанмен тіл табыса аласыз. Бұл сіздің жұмысыңыздың алға басуына көмектеседі. Жақын туыстарыңызға қатысты жағымды жаңалық естейсіз. Бұл жаңалық сізді қуантатын болады.
Торпақ
Бүгін айналаңыздағы адамдарға ұнауға тырысыңыз. Егер көпшілік сізді қолдайтын болса, жетістікке жетуге, мақсатқа қол жеткізуге болады. Сонымен қатар бүгін жанашыр дос болатын жанмен кездесесіз.
Егіздер
Өзіңізге де, айналаңыздағы жандарға да жақсылық жасай аласыз. Сіз әлсіздерге қамқор болып, күш көрсеткендердің сазайын тарттырасыз. Жақындарыңыз үшін өз шаруаңызды кейінге қалдыруыңыз да мүмкін.
Шаян
Бүгін аздап уайымға салынасыз. Басты мәселеңіз махаббат болмақ. Сүйікті адамыңызбен қарым-қатынасыңыз айтарлықтай жақсы болмауы мүмкін. Жеке өміріңізді өзгертуге тырысасыз. Жұмыста табысты боласыз.
Арыстан
Асыққаныңыз жөн. Түске дейінгі уақытыңыз сәтті, әрі жемісті болмақ. Бұрынғы идеяларыңызды жүзеге асыратын кез келді. Түстен кейін жалқаулық басып, эмоцияға ерік бересіз. Бірақ жақындарыңыз көңіл-күйіңізді көтеруге тырысады.
Бикеш
Қалауыңызға қол жеткізесіз. Бұрын қолыңыздан келмеген істі соңына дейін жеткізе аласыз. Бүгін жұмысқа қатысты ұсыныстар түсуі де мүмкін. Жеке өміріңіз бірқалыпты.
Таразы
Қиын тапсырмаларды орындауға қолайлы күн. Сіз қай істің маңызды, қайсысының айтарлықтай қажеті жоқ екенін анықтай аласыз. Соның арқасында жұмыста жолыңыз болады.
Сарышаян
Бұрын мүмкін емес деп ойлаған арманыңызға қол жеткізесіз. Бүгін ешқандай мәселе туындамайды. Кез келген кедергіні оңай еңсересіз. Табандылығыңыздың, күш-жігеріңіз бен тапқырлығыңыздың арқасында табысқа жетесіз.
Мерген
Күніңіз қызықты өтеді. Бір орында тоқтап қалмаңыз. Жаңа іспен айналысудан қорықпаңыз. Ерекше жандармен танысып, өзіңізге пайдалы ақпараттарға қанық боласыз. Жалпы, бұл күн іш пыстырмайды.
Тауешкі
Есте қаларлықтай керемет күн. Егер сіз ғашық жанның бірі болсаңыз, онда күніңіз ерекше өтеді. Жеке өмірге қатысты шешім шығарар кезде тек ішкі түйсікке ғана жүгініңіз. Ол ешқашан сізді қапы қалдырмайды.
Суқұйғыш
Қиындықтар мен мәселелерден қашып құтылу мүмкін емес. Дегенмен оларға бола уайымға салынудың қажеті жоқ. Қателіктерге бой алдырғанның өзінде, онан туындаған кикілжіңдер тез арада ұмытылып кетеді.
Балықтар Егер табандылық танытсаңыз, өзіңіз ойлағаннан да көп табысқа жетесіз. Айналаңыздағы адамдар ақыл айтып шаршатуы мүмкін. Көбісі сіздің басыңыздағы проблеманы түсіне бермейді.
05 ақпан 2020 ж. 1 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам