Элизабет Тұрсынбаева - әлемдегі үздік 10 мәнерлеп сырғанаушының бірі

Оған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева да енген. Ол 3108 ұпаймен 10-орында тұр. Ресейлік Алина Загитованы төрт құрлық чемпионатындағы жеңісіне байланысты рейтингтегі бірінші орыннан ығыстырып, жапон қызы Рика Кихира жаңа көшбасшы болды. Сондай-ақ үштікті тағы бір жапон мәнерлеп сырғанаушысы Сатоко Мияхара түйіндеді. Әлемнің үздік 10 мәнерлеп сырғанаушысы:
1. Рика Кихира (Жапония) — 4708
2. Алина Загитова (Ресей) — 4702
3. Сатоко Мияхара (Жапония) — 4089
4. Бради Теннелл (АҚШ) — 3864
5. Евгения Медведева (Ресей) — 3734
6. Каори Сакамото (Жапония) — 3724
7. Алена Косторная (Ресей) — 3255
8. Вакаба Хигучи (Жапония) — 3187
9. Анна Щербакова (Ресей) — 3126
10. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) — 3108.