БАҚ менің бағымды ашқан

Бүгінде газет – шаһардың шырайын ашқан маңызды оқиғалар мен жарқын жұмыстарын, тарихы мен табысын қаламынан қалт жібермей, жұртшылық назарына ұсынып, оқырманның оң көзқарасын қалыптастырған басылымның бірі. Кездесуде осы мәселе қозғалды, басылым бетінде жарияланып жүрген өзекті тақырыптар төңірегінде талқы жүрді. «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары Дәурен Омаров серіктестікке қарасты басылымдар, оның ішінде «Ақмешіт апталығы» туралы да ой тарқатты. Газет редакторының міндетін атқарушы Қаныбек Әбдуов алдағы жоспарларымен бөлісті. Алдағы уақытта жаңа айдарлар ашылып, ел мүддесін көздеген өзекті мәселелер болатыны көтерілді. Әңгіме барысында Мира Жомартқызы апталық газеттің қала тарихындағы орны ерекше екендігін атап өтті.



Айдана СЕЙІЛ