Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 1 күнде 500-ге жуық жүргізушіге айыппұл салынды

1 күнде 500-ге жуық жүргізушіге айыппұл салынды

   Қызылордада “Қауіпсіз жол” іс-шарасының 1 күнінде 500-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында Қызылорда облысы көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел- профилактикалық іс-шарасы өтуде. Алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының және қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шаралары өткізілуде. Іс-шараның 1 күнінде барлығы 500-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзушылықтар анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 592-бабы бойынша (белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудың )- 50,  590.3,4-бабы бойынша (жалған немесе кернеу м/б тағып к/қ басқарудың)- 2,  590.7 – бабы бойынша (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарудың)- 20, 599-бабы бойынша (бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтудің)- 15, 600-бабы бойынша (жаяу жүргіншіге басымдық бермеу)-  17, 606- бабы бойынша (авариялық жағдай туындату)- 7, 608- бабы бойынша (көлік құралын мас күйде басқару)- 7,  612-бабы бойынша (көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы)- 42, 615-бабы бойынша (жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережсін бұзуы)- 28 деректері анықталды. «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы ақпан айының 14-не дейін жалғасатын болады.

16 ақпан 2020 ж. 647 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам