Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада көп қабатты үйдегі өрттен 47 адам эвакуацияланды

Қызылордада көп қабатты үйдегі өрттен 47 адам эвакуацияланды

   Қызылордада көп қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан өрт шығып, 47 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиға 16 ақпанда сағат 20:00 шамасында болды. Облыс орталығындағы Абай даңғылы 36 үйдің бесінші қабатында пәтердің бірінде өрт шыққан. Өрт сөндіру қызметінің 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы «112 құтқару қызметіне» түскен хабардан кейін дереу оқиға орнына жетті. «Мамандар оқиға орнында газ түтінінен қорғау жүйелеріне барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көп қабатты тұрғын үйдегі пәтердің бірінен өрт шыққаны анықталды. Өрт сөндірушілер жедел әрекет етті. Өрт толығымен сөндірілді. Тұрғын үйден барлығы 47 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар көп қабатты үйде тұратын 1 топ мүгедегін қауіпсіз жерге алып шықты. Ол жедел жәрдем көмегімен орталық ауруханаға жеткізілді, жағдайы орташа. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары.

17 ақпан 2020 ж. 598 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 260 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам