Наурызда ауа райы қандай болады?
Қазақстанның басым бөлігінде наурызда ауа райы жылы болады, алайда жауын-шашын көп түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Олардың болжамына қарағанда, Қазақстанның солтүстігінде наурыздың бірінші онкүндігінде қарлы болады, боран тұрып, мұзтайған болып, тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы минус бес пен плюс бес арасында құбылады, түнде он градусқа дейін аяз болады.
Қазақстанның оңтүстігінде көктемгі айдың алғашқы күндері жаңбырлы болады, кей жерлерде қар жауады. Күндіз ауа температурасы 18 градусқа дейін, түнде - нөлден плюс сегізге дейін қызады.
"Алайда, кейбір күндері еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында сынап бағанасы түнде 17-ге дейін, оңтүстігінде және батысында 10 градусқа дейін төмендеуді көрсетуі мүмкін", - деп ескертеді "Қазгидрометтегілер".
Жалпы наурыз жылы болады деп күтіліп отыр: республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан бір градусқа жоғары болады. Мамандардың айтуынша, мұнда ауа температурасы климаттық нормаға жуық болады.