Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сырдағы сөз барымтасы

Сырдағы сөз барымтасы

 Араға ай салмай Қызылорда қаласында тағы бір айтыстық шымылдығы түрілді. Облыс әкімдігінің қолдауымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абай жолымен» атты республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылып, Сыр елінде ұлттық мұра ұлықталды. Сөз сайысына қала тұрғындарымен қатар, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов қатысып, ақындар өнерін тамашалады.  
Аламан айтыстың ашылу салтанатында сөз алған «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысушыларға ақжарма тілегін жеткізе келе:
        –Бүгін Сыр өңіріне келіп, Шиелі, Жаңақорған аудандарында тұрғындармен кездестім. Олармен сөйлесіп, пікірлерін, кемшіліктерді тыңдадық. Қазір өздеріңізбен бірге ақындар айтысын тамашалауға келіп тұрмын. Елбасы,  «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша халқымыздың төл өнері – айтысты қолдап, дамытуды қолға алдық. Өткен жылы партиямыздың қолдауымен 9 республикалық айтыс өтсе, биыл елімізде түрлі деңгейдегі 77 айтыс өтеді, – деп сүйіншіледі.
        Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман тізгіндеген сөз додасында Серік Құсанбаев (Өскемен), Әсем Ережеқызы (Нұр-Сұлтан қаласы), Айбек Қалиев (Арқалық қаласы), Жансая Мусина (Орал қаласы), Аруна Керімбек (Ақтөбе қаласы), Сұлужан Таубалды (Алматы қаласы), Аян Ниязбек (Шымкент қаласы), Аспанбек Шұғатай (Павлодар қаласы) секілді әр аймақтан жиылған жүйріктер сынға түсті. Сондай-ақ, Кенжебай Жүсіпов бастаған Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Бексұлтан Орынбасар сынды жергілікті ақындар да жыр додасында бақ сынасты. Айтыскерлер көрермен тартқан жеребе бойынша жұпталып, суырып-салма қабілетін таныта білді.
Көркем ой, кестелі сөз алаңында ҚР-ның мәдениет және білім саласының үздігі Әсия Беркенова, жазушы, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай, жырау, фольклор зерттеушісі Алмас Алматов пен қазақтың ардақты ақындары Ғалым Жайлыбай, мен Жанарбек Әшімжан секілді өнер майталмандары сүбелі сөзге әділ бағасын берді.
Айтыс қортындысы бойынша, бас жүлде Мұхтар Ниязовқа бұйырса, І орынды Жансая Мусина, ІІ орынды Әсем Ережеқызы еншіледі. Жүлделі ІІІ орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Айбек Қалиев өзара бөлісті.
Ерсін ШАМШАДИН
29 ақпан 2020 ж. 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам