Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жолақысы үшін жәрдемақы

Жолақысы үшін жәрдемақы

Енді атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының 6-18 жас аралығындағы балаларының қоғамдық көлікте жүруі үшін 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша қаржы төленеді. Бұл атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы негізінде жүзеге асады.
          Ол үшін қазіргі таңда бюджеттен 16,5 млн теңге қаражат қарастырылған. Яғни, әр балаға ай сайын 2651 теңге көлемінде беріледі.  Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында осы мәселе депутаттар талқысына түсті.
Аталған қаржы әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған отбасының шотына түседі. Қазіргі таңда оқушылардың жол жүру ақысы 45 теңге болса, бір ай мезгілге бұл қаражат жеткілікті саналады. Тіпті, сабақтан тыс уақытта қосымша үйірмеге баруы үшін кететін сома да есептелген. Дегенмен, олардың кез келген қоғамдық көлікте еркін жүруін қамтамасыз еткен дұрыс. Бір жағынан бюджет қаражатын тиімді игеру керек. Халық қалаулылары осы жайтты назарға алды. Мәселен, оларға берілетін төлемақыны жол жүру билетіне ауыстырса деген ұсыныс айтылды. Алайда, жеке қоғамдық көліктер де бұл мүмкіндіктің жоқтығы, сонымен бірге, үлкен сыйымдылықтағы автобустардың кейде оқушыларды мінгізбей кететіні ескерілді. Сол себепті, бұл мәселені жан-жақты саралап, сүзгіден өткізуді жөн деп тапты. Оған қоса, бірер айдан соң қаладағы қоғамдық көліктерді жаппай электронды билетке көшіру көзделуде. Алдағы уақытта жол жүру ақысының тарифі белгіленіп, нақты жүзеге асады. Осыдан соң аталған жол жүру төлемақысын билетке ауыстыру арқылы оқушылардың қоғамдық көліктің барлығында емін-еркін жүруіне мүмкіндік туады.
  Бұл енді уақыттың еншісіндегі дүние. Ал, әзірге атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек көрсетілетін болады.
Сессия отырысында депутаттар Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткерлердің сайлауалды бағдарламасын да тыңдады. Ауыл басшысы болуға лайықты деп ұсынылған екі үміткер де артылған жауапкершілікті толық сезінетіндігін, бірі округті көркейту, көгалдандыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту, ендігісі өзекті болған мәселені шешу, шағын және орта бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық саласын жандандыруды қолға алатынын жеткізді. Өз кезегінде халық қалаулылары оларға ауылдың мұң-мұқтажын толық зерттеп, басшы ретіндегі мақсат, міндеттерін халықпен тікелей байланысу арқылы айқындауды жүктеді.
Айдана СЕЙІЛ
29 ақпан 2020 ж. 616 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам